Құралай Темірбекқызы Жанұзақова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
14:43, 2026 ж. сәуірдің 17 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Құралай Темірбекқызы Жанұзақова — филология ғылымының докторы (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы

1972 жылы 22 қарашада Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында туған.

Қазақ ұлттық университетін (1995) және аспирантурасын (1999) бітірген.
2000-03 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық ғылыми-практикалық "Дарын" орталығында дарынды балаларды оқыту мен дамытудың педагогикалық инновациялық технологиялары лабораториясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2003 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет етеді.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Қазақ прозасындағы романтизмның көркемдік әлемі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Ғылыми еңбектерінде қазақ әдебиетіндегі романтизмнің зерттелу тарихы, теориялық мәселелері мен ұлттық ерекшеліктері қарастырлған.
Бірнеше ғылыми еңбектің, 1 монография мен оқу құралдарының авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Марапаттары

  • ҚР БҒМ "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2015);
  • ҚР БҒМ Құрмет грамотасы (2024);,
  • "Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін" төсбелгісі.<ref>Zhanuzakova Kuralai.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер