Риза Тасқынғалиқызы Әлмұханова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
20:56, 2026 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Риза Тасқынғалиқызы Әлмұханова — филология ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1964 жылы 27 желтоқсанда Атырау қаласында туған.

ҚазМУ-дың (қазіргі Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін (1990), Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1997) бітірген.
1990-92 жылдары "Рауан" баспасында корректор, редактор, 1992-94 жылдары облыстық "Атырау" газетінде тілші болды. Қазіргі уақытта Әдебиет және өнер институтында бас ғылыми қызметкер.

Ғылыми бағыты, еңбектері

"Қазақ фольклоры мен антика әдебиетінің типологиясы" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.
Ғылыми-зерттеуінің нәтижесінде антикалық грек-рим фольклорымен үндестік, қазақ фольклорында архаикалық деп аталатын сарындардың біздің дәуірімізге дейін-ақ болғаны анықталды.
Р.Т. Әлмұханова – "Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасының" 8-томын (2005) құрастырушылардың бірі. "Ұлы тұлғалар" сериясы бойынша Х.Д. Досмұхамедовке арналған "Тұғыры биік тұлға" атты ғылыми ғұмырнамалық-библиографияның бас редакторы әрі құрастырушысы.<ref>"Тұғыры биік тұлға".</ref> 10 томдық "Қазақ әдебиеті тарихының" 1-томының (2008)<ref>Қазақ әдебиетінің тарихы.</ref>, "Қазіргі әдебиет және фольклор" (2009) атты ұжымдық зерттеулердің, 50-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер