Қарлығаш Амангелдіқызы Сарбасова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:31, 2026 ж. мамырдың 6 кезіндегі Kasymov (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Қарлығаш Амангелдіқызы Сарбасова — педагогика ғылымының докторы (2009), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1972 жылы 5 қаңтарда қазіргі Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынтымақ ауылында туған.

Қарағанды педагогикалық институтын (1993, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген. 1993-2011 жылдары осы университетте, 2011 жылдан Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде педагогикалық-ғылыми жұмыспен айналысады.

Ғылыми бағыты, еңбектері

Негізгі ғылыми бағыты – жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика.
"Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж. Баласағұнидің, М. Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
120 ғылыми еңбектің, оның ішінде 1 монография, 11 оқу және оқу-әдістемелік құралдардың, 8 электронды оқулықтың авторы.

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы (2008, 2014).<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>
  • "Болашақ" халықаралық стипендиясының лауреаты (2019);
  • Өнертабыс дамуына үлес қосқаны үшін A.Нобель медалі.<ref>Сарбасова Қарлығаш Амангельдіқызы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер