Нәйлә Оразғұлқызы Базанова

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
04:20, 2024 ж. мамырдың 24 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Нәйлә Оразғұлқызы Базанова (11 қараша 1911 жыл, Үлгі:Туғанжері11 қараша 1993 жыл, Үлгі:Қайтысболғанжері) — қазақстандық ғалым, қазақ әйелдері арасынан шық­қан тұңғыш биология ғылыми докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1951), Қазақстан еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1946). Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1932). 1932–1947 жылдары сол институтта ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, 1948–1951 жылдары эксперименттік биологиялық инститтутының директоры, 1951–1966 жылдары Қазақстан ғылым академиясының биологиялық және медициналық бөлімінің академигі-хатшысы, 1966–1986 жылдары Физиологиялық институтының директоры, ал 1986–1993 жылдары сол институттың құрметті докторы бол­ды. Негізгі ғылыми еңбектері ірі қара малдың ас қорыту ерекшеліктерін және жас төлдің өсуі мен физиологиясын зерттеуге арнал­ған. Ол малдың ішек-қарнындағы мембраналы ас қорыту механизімін ашып, ішек-қарын кенерісіндегі ас қорыту күйіс малына да тән екенін дәлелдеді. Малды пропион қышқылды ашытқыш қосылған сүрлеменің жаңа түрімен азықтандыруды ұсынды. Ленин орденімен, Қазан төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту ордені, екі рет Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Шығармалары

  • Развитие регуляции кровообращения и дыхания у некоторых сельскохозяйственных животных в онтогенезе, А.-А., 1946;
  • Функция молочной железы у сельскохозяйственных животных, А.-А., 1973 (соавт.);
  • Пропионовокислые бактерии в силосовании и кормлении сельскохозяйственных животных, А.-А., 1977 (соавт.);
  • Закономерности всасывательной деятельности желудочно-кишечного тракта, А.-А., 1985 (соавт.).

<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Bio-stub