Зейнекүл Жақанқызы Түсіпова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:23, 2023 ж. тамыздың 29 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Суретші Зейнекүл Жақанқызы Түсіпова (1948 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Ақтоғай - 2019, Алматы) - Кескіндемеші. Өнертану докторы. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.
- Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің театр-безендіру бөлімін бітірген (1971).
- Өнертану докторы. Кескіндемеші. Жұмыстары қазақ ауылының қазіргі дәстүрлік тұрмысы мен өміріне арналған.
Шығармалары
- «Қаратауға жол»
- «Қазақи аула»
- «Менің Ақтоғай ауылым»
- «Жаңатас таулары» пейзаждарының және т.б. авторы.
Туындылары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Мәдениет министрлігінің Орталық көрме залында, РФ Көркемсурет қорында, Германия, Франция, Венгрия, Түркия, Корея, Ресей, Қазақстан және т.б. мемлекеттердің жеке топтамаларында сақталуда. Сенеж, Гурзуф, Дзинтари, халықаралық шығармашылық базалардың жұмысына, Мозамбик (1991), Сеул (1993), Каир (2001) халықаралық көрмелеріне белсенді қатысқан.
Қоғамдық жұмысы
- КСРО (1978 жылдан), ҚР Суретшілер одағының мүшесі.
- ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық көркем сыншылар ассоциациясының мүшесі.
Марапаттары
- Мәдениет қайраткері.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
- Оның қазақ ауылының өміріне арнап салынған бір топ суреттер топтамасы "Тарлан" сыйлығын иеленді<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>.
Дереккөздер
<references/>