Асылбек Жасаралұлы Еңсепов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
23:06, 2026 ж. мамырдың 22 кезіндегі Tuttiorchestra687 (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Музыкант Асылбек Жасаралұлы Еңсепов (5 сәуір, 1980 жылы Ақтөбеде туған) – қазақстандық күйші, домбырашы, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2004). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты (2004). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (1998).
Білімі
- Алматыдағы А.Жұбанов атындағы мамандандырылған музыкалық мектепті бітірген.
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Шығармашылығы
- Асылбек - көптеген фестивальдер мен байқаулардың лауреаты (Түркияда, Францияда). 1992 жылы ол «Жаңа есімдер» Қазақтың мәдениет қорының стипендиаты болды. 1998 жылы «Ыстық көл» эстрадалық және фольклорлық халықаралық музыка сайысының Гран - приі, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Халықаралық байқауының сыйлығын алды. 1998 жылы «Шабыт» Республикалық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы болу - оның көп қырлы талантын танытады. 1998 жылы Еңсепов Асылбекке Қазақстан жастар Одағының сыйлығы берілді.
Мемлекеттік марапаттары
- 1992 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік степендияның иегері.
- 1998 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері атанды.
- 2004 жылы ҚР Үкіметінің «ДАРЫН» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
- 2004 жылы Қазақстанның тәуелсіз меценаттар клубының «ТАРЛАН» тәуелсіз сыйлығының иегері атанды
- 2016 жылыдың 5 желтоқсанындағы елбасының жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
Отбасы
- Әкесі - Жасарал Еңсепов (Педагогика ғылымдарының кандитаты, Қазақстан Білім беру ісінің Үздігі)
- Анасы - Фарида (Үй шаруашылығында)
- Жары - Айжан Нүсіпбекова
- Бауырлары - Айбек, Сырым.