Владимир Робертович Беккер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
09:43, 2026 ж. маусымның 10 кезіндегі NaziraBimakova (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Владимир Робертович Беккер (18 қараша 1965 жыл, Үржар ауданы, Семей облысы) — қазақстандық әскери қайраткер, төтенше жағдайлар органдарының ардагері және генерал-майор. Беккер 2016–2020 жылдары Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы болды.
Өмірбаяны
- 1965 жылы 18 қарашада Семей облысы Үржар ауданы Благодатное ауылында дүниеге келген.
- 1997 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, 2005 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін бітірген.
- 1983 жылдың қарашасынан 1985 жылдың желтоқсанына дейін КСРО Қарулы Күштерінде қызмет атқарды.
- 1986 жылдан 1991 жылға дейін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында әртүрлі орта және аға басшы лауазымдарды атқарды.
- 1991 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы қыркүйекке дейін мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында басшылық лауазымдарда.
- 2008 жылдың қазан айынан бастап — Қазақстан Республикасы ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары.
- 2014 жылдың қазан айынан бастап — Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары.
- 2016 жылғы қаңтардан 2020 жылғы қазанға дейін — Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы[2]. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 6 мамырдағы № 472 Жарлығымен генерал-майор әскери атағы берілді.
- 2020 жылдың қыркүйегінде ол лайықты демалысқа кетті.
- 2020 жылдың 23 желтоқсанынан бастап «КӘАҚҚ РО» ЖШС Бас директорының бұйрығымен «КӘАҚҚ РО» ЖШС Шығыс Қазақстан филиалының директоры лауазымына тағайындалды.
Марапаттар
- II дәрежелі «Айбын» ордені;
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі;
- I, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдары;
- Ведомстволық медаль «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»;
- «Төтенше жағдайлар органының ардагері» медалі;
- «Өртке қарсы қызмет үздігі» төсбелгісі;
- «Төтенше жағдайлар органының құрметті қызметкері» төсбелгісі.