Атыз
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
22:03, 2014 ж. мамырдың 9 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету
Сурет:Planting paddy rice in Laos.jpg
Күріш егу атызы
Атыз– 1) егістікті суару немесе артық ылғалды шығару үшін тартылатын қарық; 2) ылғалды көп қажет ететін дақылдардың (күріш, т.б.) егіс танабын бөлу жүйесі. Бұл жағдайда су тартатын бас арық (жаппа) арқылы А. толығымен суғарылады. Бас арыққа қарама-қарсы, тереңдігі кемінде 0,7 м қашыртқы қарық қазылады. Ол арқылы артық су немесе ақаба су егістіктен шығарылады.