Будда тасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Будда тасы (Жетісу облысы).jpg
Будда тасы - жартасқа салынған сурет.

Будда тасыЖетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жартасқа салынған археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Текелі қаласы, Қопа өзенінің оң жағалауы, Талдықорған қаласынан оңтүстік шығыс бағытта 30 км жерде.

Сипаты

Ескерткіш буддалық бейнелер бар 3 м-лік жартас болып табылады. Жоғарғы бөліктің ортасында Калачакра белгісі және бірнеше дұғалы жазбалар ойылып жазылған. Шығыс жағында Будданың ақылын сипаттайтын үккіш суреттелген, оны тибеттіктерде аса қастерлі мифтік жануар – қар арыстаны ұстап тұр. Үккіш ортасында отарған күйде Шакьямуни Будданың бейнесі салынған.
Тастың ортасында суға толған табиғи ойыс бар. Жергілікті тұрғандар бұл суды қасиетті деп есептейді.
«Текелі стеласы» деген атпен танымал буддистік мәдениеттің бұл бірегей ескерткіші аз зерттелген нысандарға жатады және ары қарай терең зерттеуді қажет етеді. Бұл ескерткіш аймақтың танымал туристтік нүктесі болып табылады.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер