Ақжан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
03:11, 2011 ж. қарашаның 23 кезіндегі GaiJinBot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ақжан<ref name="source1"> Қазақ Энциклопедиясы </ref> — Шығыс Қазақстан облысындағы Қара Ертіс өзенінің Бұқтырма бөгеніне құяр тұста жатқан құмды алқап. Теңіз деңгейінен ең биік жері 140 м, ауданы 800 км2. Жер бедері ойлы-қырлы келеді, кей жерлерінде сор кездеседі. Құмда шөлге төзімді жусан, боз т.б. шөптермен бірге бұталар да өседі. Ыза сулары жер бетіне жақын жатыр. Ақжан алқабы қысқы мал жайылымына пайдаланылады.

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала