Шабай Қонысұлы
Үлгі:Әскери қайраткер Шабай батыр Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі – 1846, Маңғыстау, Итібай құдығы) — Байұлы тайпасы Адай руының Құнанорыс бөлімінен шыққан батыр.
Өмірбаяны
Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған.
Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Өшіккен жау бір күні көп әскермен келіп, Шабай батыр ауылын өзі жоқта шапқан. 78 жастағы батыр жаман хабарды естіп, жігіттерімен Итібай құдығы деген жерде жауды қуып жетіп, мал мен жанды түгел қайтарады, алайда өзі қаза тауып, осы жерге (Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы) жерленеді.
Ұрпақтары
Шабай батырдың балалары Сүгір мен Есен де батыр болған. Ұрпақтары Бердәулет (1842–1915) және Жоламан (1855–1926) батырлар көне Үргеніш қаласының базарында жергілікті билеуші Әлімқұл ханды атып өлтірген. Осы тақырыпқа ақындар жырлар мен толғаулар арнаған. Шабай батыр мен оның ұрпақтарын Қалнияз Шопықұлы жырға қосқан.<ref>Тәліпов С., Бабалар рухымен, А., 2004.</ref><ref>Қалбаев., Ер Шабай, Нүкіс, 1997</ref>