Торғай қақпасы
Үлгі:Бұғаз Торғай қақпасы – Торғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған – Құсмұрын, Торғай – Сарықопа аралығындағы табиғи аңғарлық бұғаз (өткел) немесе қақпа.
Географиялық орны
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы аумағында орналасқан.
Жер бедері мен қалыптасуы
Торғай қолатының орталық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр. Ені 15 – 20 км. Теңіз деңгейінен 100 м биіктікте. Батыс Сібір ойпатын Торғай ойпатымен байланыстырады. Оның бұғаз деп аталуының себебі мыңдаған жылдар бұрын бұл жерде ежелгі Арал-Каспий теңізі бассейні сол кезде Батыс Сібір ойпатының орнында болған теңіз бассейнімен байланысқан. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша Торғай қақпасы Торғай, Обаған өзендері бастауларының бір-бірімен Сарыөзен арқылы жалғасуына байланысты қалыптасқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>