Сарыбөрік

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:42, 2022 ж. желтоқсанның 25 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау

СарыбөрікЖетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік жоталары тобына жататын асу.

Географиялық орны

Көкжота тауынан оңтүстік-батысқа қарай, Қызылтентек және Шақырты өзендерінің шатқалдары айырығында, Қазақстан (Жетісу облысы Алакөл ауданы) және Қытай аралығындағы шекарада орналасқан.

Жер бедері

Биіктігі 4107 м. Асудың солтүстік жағы мен беткейлері өте тік. Өзендері ірілі-ұсақты сарқырамаларға бай. Жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм.

Топырағы, өсімдігі

Топырағы таулық-шалғындық. Шатқалдарында шырша, самырсын, ақ терек, көктерек аралас орман өседі. Жануарлар дүниесінде таулық ортаазиялық эндемиктер басым. Арқар, тауешкі, барыс, ұлар, гималай тазқарасы, т.б. кездеседі. Туристік мәні зор. Жазда жайлау ретінде пайдаланылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер