Атымтайшағыл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Шөл Атымтайшағыл – Ақсу өзенінің орта ағысы бойындағы құмды алқап.
Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Абсолютiк биіктігі 473 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-ге, оңтүстіктен солтүстікке қарай 18 км-ге созылып жатыр. Қырқалы төбешіктердің биіктігі 2 – 20 м. Жер асты сулары 1 – 3 м тереңдікте.
Өсімдігі
Құмында жусан, еркек шөп, теріскен, т.б. өсімдіктер бар. Өзен жайылмасында қамыс, құрақ, сораң өсімдік өседі. Көктемде, қыста мал жайылымдық.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>