Жекешағыл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:23, 2023 ж. қаңтардың 18 кезіндегі Kasymbot (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл ЖекешағылАрғанаты тауының оңтүстік-шығысы мен Арқарлы жотасының солтүстік бөлігінде орналасқан құмды алқап.

Географиялық орны

Жетісу облысы Алакөл ауданы жерінде.

Жер бедері

Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 16 км-ге созылып жатыр, енді жері 11 км. Аумағы 86 км2. Жер асты суының 3-5 м тереңдіктегі минералдылығы әр түрлі. Маңында Белсексеуіл, Тауқұм, Қарақұм, Сарықұм құмдары бар.

Өсімдігі

Құм төбешіктерінде жусан, еркек шөп, сексеуіл, т.б. бұталы ағаштар өседі. Қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.<ref>"Қазақ энциклопедиясы"</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер