Мыңтүп (төбе)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мыңтүп — Каспий теңізінің шығыс жағалауында, Қарақұм құмды алқабының солтүстігіндегі төбе.
Географиялық орны
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қаратон кентінен солтүстік шығысқа қарай 25 км жерде орналасқан.
Сипаттамасы
Төбе теңіз деңгейінен 13 м төменде жатыр, салыстырмалы биіктігі 9 м. Құм төбенің төңірегін сор басқан. Батысын бойлай Ақшағыл соры алып жатыр және суы тұзды бірнеше бұлақтары бар. Беткейінде сорқаңбақ, сарсазан, сораң т.б.шөптесіндер өскен.<ref>Қазақстан табиғаты 4-том. «Қазақстан энциклопедиясы» Алматы, 2012 ISBN 9965-893-84-5</ref>