Берденсор

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:13, 2022 ж. тамыздың 22 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл БерденсорАқтөбе облысы Шалқар ауданының Бегімбет ауылының батысында 15 км жердегі көл. Теңіз деңгейінен 132 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы, сипаты

Аумағы 13,61 км2, ұзындығы 6,8 км, енді жері 3 км. Көлдің солтүстік-шығыс жағалауына түйісетін сортаң жерін көктемде су басады. Суы қарашаның аяғында қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ериді. Шағырай үстіртінен бастау алатын Жыландысай өзені батыс бөлігінен құяды. Жаз айларында өзен және көл суы тартылып қалады. Негізінен қар суымен толығады. Суы тұзды және кермек.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер