Ақүйек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:46, 2022 ж. желтоқсанның 16 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен

АқүйекСырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерімен ағады.

Бастауы

Қаратау жотасындағы Теріскей тауының етегінен басталып, Сырдарияға жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы

Ұзындығы – 70 км, су жиналатын алабы – 670 км2. Суы көктемгі қар, жауын-шашынмен толығады. Өзеннің жоғарғы бөлігінде Көлтоған бөгені салынған.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 т.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер