Қарасиырсай (өзен)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Өзен Қарасиырсай, Асаршық – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, су жиналатын алабы 90 км2. Жалпы ұзындығы 48 км болатын шағын 19 саласы бар.
Бастауы
Бастауын Қаратау жотасындағы Теріскей тауының етегіндегі бұлақтардан алып, Елтай қыстауынан 15 км төменде Ақүйек өзеніне жетпей жерге сіңіп кетеді.
Гидрологиясы
Жоғарғы арнасы шатқалды, орта және төменгі арнасы сайлы-жыралы жерлермен өтеді. Жаз айларында суы тартылып қарасуларға бөлініп қалады. Алабы мал жайылымына пайдаланылады.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>