Сарысу (өзен)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:26, 2025 ж. мамырдың 3 кезіндегі Мықтыбек Оразтайұлы (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен СарысуТелікөл алабындағы өзен.

Сөз төркіні

Атаудың Сарысу аталуы "оның суының молдығы мен ұзақ жерге ағуына байланысты" болса керек. Топонимдер құрамындағы сары сөзі негізгі ("түр", "түс" мағынасынан бөлек) "үлкен, ірі, зор" мәнінде қолданылатыны белгілі. Осыған ден қойсақ, Сарысу "үлкен, ірі өзен" деген мағынаға сай келеді.<ref>Үлгі:Кітап</ref>

Географиялық орны

Қарағанды, Қызылорда облыстары жерімен ағады. Ұзындығы 800 км. Су жиналатын алабы 81,6 — 99,1 мың км².

Бастауы

Сарыарқадағы Бұғылы тауының етегінен басталатын Жақсы Сарысу, Байназар мен Жақсы Тағылы таулары маңынан басталатын Жаман Сарысу өзені қосылысынан пайда болатын Сарысу Сыр өңіріндегі Телікөлге құяды.

Гидрологиясы

Қуаң жылдары Телікөл-Ащыкөл ойысына жетпей құмға сіңіп кетеді. Салалары: Жаман Сарысу, Жақсы Сарысу, Атасу, Талдысай, Құрманақа, Талдыманақа, Құмдыеспе, Қаракеңгір. Сарысудың орташа жылдық су ағымы 7,5 м3/с, сағасында 0,10 м3/с. Ағысының жылдамдылығы 0,6 — 0,8 м/с. Негізінен қар суымен толығады, сондықтан да жылдық су ағынының 96,6%-ы сәуір — мамыр айларында, 3,1%-ы күзде, 0,3%-ы қыста өтеді. Сәуірдің аяғында, мамырдың алғашқы онкүндігінде қатты тасиды. Суы бастауында тұщы, орта және төм. ағыстарында тұздылау келеді. Өзен желтоқсанда қатып, наурыздың аяғында мұзы түседі. Арнасының ені бастауында 15 — 20 м, орта бөлігінде 40 — 60 м, саға жағында 150 — 200 м-ге дейін кеңейеді; бас жағында тар болып келетін аңғары төм. ағысында 10 км-ге дейін ұлғаяды. Көне арнасының түбі және жағалауы құмды және құмды-малтатасты шөгінді жыныстардан түзілген. Мұндағы ашық қызыл қоңыр топырақта жусанды-бетегелі-шытырлы өсімдікті шөлейт ландшафтысы қалыптасқан, сағалық бөлігінде шөлдік ландшафт басым. Көктемгі Сырдария суының біраз бөлігі Телікөл каналы арқылы Сарысу сағасына қосылады.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 7 том</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер