Құттың қызы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
00:13, 2023 ж. маусымның 23 кезіндегі Casserium (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Өзен Құттың қызы, ҚұтұңғызЖыланды өзенінің оң саласы.

Географиялық орны

Ақмола облысы Сандықтау ауданы жерімен ағады.

Гидрологиясы

Ұзындығы 52 км, су жиналатын алабы 702 км2. Өзеннің шағын 34 саласы бар. Ең бастысы – Балапан (19 км). Суайрығының жер бедері жонды белесті келген шөгінді денудациялық қыратты жазық. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Суы қараша айында қатып, сәуірде ериді (140–160 күн мұз құрсауында болады).

Бастауы

Бастауын Каховка қыстауынан солтүстікке қарай 8 км жердегі бұлақтардан алып, Новосёловка ауылы тұсында Жыланды өзеніне оң жағынан құяды.

Өсімдігі

Топырағы кәдімгі карбонатты қара топырақты құрайды. Онда әр түрлі шөптесіндер аралас қызғылт қаулы өсімдіктер өседі.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер