Қараағаш түбегі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Түбек ҚараағашБалқаш көлінің батыс бөлігіндегі түбек.

Географиялық орны

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мыңарал темір жол айрығының шығысында орналасқан.

Сипаты

Ең биік жері 380 м шамасында. Жер бедеріне төрттік кезеңінің ойпатты денудациялық жазығы тән. Онда құмдауытты төбелер кездеседі. Жер беті батыстан шығысқа қарай еңістенген. Солтүстік-батысында Ақкірме шығанағы, солтүстігінде Тайсойған, солтүстік-шығысында Ортаарал, Аяқарал аралдары орналасқан.

Өсімдігі

Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында эфемерлі сұр жусан, күйреуік, баялыш, т.б. өседі.<ref> Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер