Некрасов мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мұздық Некрасов мұздығы – Жетісу Алатауының солтүстік сілеміндегі аңғарлық мұздық.
Географиялық орны
Жетісу облысы Сарқан ауданындағы, Тентек өзенінің саласы Қалмақсай өзенінің бастауында жатыр. Мұздық 1957 жылы “Некрасов мұздығы” деп аталды.
Жер бедері, аумағы
Абсолюттік биіктігі 3870 м. Жалпы ұзындығы 9 км, аумағы 10,9 км2. Мұздық батыс, орталық (кең аумақты), солтүстік-шығыс (ұзынша, жіңішке) камераларға бөлінеді.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>