Қонысбайқұм

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
10:37, 2022 ж. желтоқсанның 20 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Шөл ҚонысбайқұмАрал қарақұмының солтүстік-шығыс бөлігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шилі ауылының солтүстік-шығысында 48 км жерде орналасқан.

Жер бедері

Биіктігі 100 м-ден асады. Құм алқабы бор және палеоген жыныстарының үгілуі нәтижесінде түзілген. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 20 км-ге созылған, енді жері 6 км. Ауданы 80 км2.

Өсімдігі

Белесті құмды жазықта еркек шөп, жусан, жүзгін, құм сұлысы, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Етегінде Әлдибай құдығы бар.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер