Әжімұрат күмбезі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
13:24, 2024 ж. қарашаның 20 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Әжімұрат күмбезіМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнерінің ескерткіші.

Орналасқан жері

Бейнеу ауданы, Тұрыш ауылынан 12 км оңтүстік-батыс бағытта орналасқан.

Кезеңі

ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы.

Сипаты

Қабырғаларында сақталған жазуға қарағанда, күмбезді адай тайпасынан шыққан Әжімұрат деген адам 20 ғасырдың басында салдырған. Ескерткіш Үстірттегі өзге күмбездерге ұқсас бір бөлмелі, қалақ тастан қаланған. Терезе жақтаулары, қабырғаларының ішкі жағы ұлттық оюмен өрнектелген. Терезелері есік сияқты босағалы. Мұндай терезелер Артық тамында ғана бар. Бұл өзгешелік қазақ ұсталарының шеберлігін, ұлттық сәулет өнерінің мүмкіндіктерін, нақыш түрлерінің молдығын танытады.<ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978;</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер