Балаұйық
Үлгі:Үңгір Балаұйық – Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындағы құдық секілді терең үңгір.
Географиялық орны
Үстірттің оңтүстігіндегі Балаұйық қорымынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,5 км жерде орналасқан.
Сипаты
Үңгір неоген кезеңінің әктасты-карсты шұңқырынан басталады. Ұзындығы 140 м, жалпы тереңдігі 115 – 120 м. Үңгірдің ауыз жағы тар, ол 50 – 55° көлбеу бұрыш жасап төмен қарай кетеді. Жердің астында, 20 – 25 м тереңдікте 1-бөлме, 70 – 75 м тереңдікте 2-бөлме, 100 – 115 м тереңдікте төбесі күмбезделіп келген 3-бөлме бар. Дөңгелене біткен 3-бөлменің еденінде көлденеңі 22 м, тереңдігі 4,5 – 5 м көл жатыр. Оның суы көгілдір, дәмі ашқылтым. Үңгірден палеолит заманының адамдары пайдаланған бұйымдардың сынықтары табылған. Үңгірдің туристік маңызы зор.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;</ref><ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>