Дала генерал-губернаторлығы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
05:37, 2025 ж. мамырдың 4 кезіндегі Nurken (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Әкімшілік бірлік Дала генерал-губернаторлығы, сондай-ақ Дала өлкесі – 1882-1918 жылдар аралығында 36 жыл өмір сүрген Ресей империясының генерал-губернаторлығы. Қазіргі Қазақстанның, сондай-ақ Ресей мен Қырғызстанның аумағында болды. Әкімшілік орталығы – Омбы қаласы.

Тарихы

Сурет:Степное ген-губер-во.png
Дала генерал-губернаторлығы

Дала генерал-губернаторлығы Ақмола, Семей және Жетісу облыстарының құрамында (1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қайтарылды) 1882 жылы 18 (30) мамырда Басқарушы Сенатқа берілген атаулы император жарлығымен құрылды. 1891 ж. 25 наурыздагы "Дала ережесі" бойынша оған Орал, Торғай облыстары қосылды.

Дала генерал-губернаторының көмекшісі қызметі белгіленбеді.

1882 жылы соғыс министрі П.С.Ванновскийдің бастамасымен Ресей империясының Қытаймен шектесетін аумақтарын бір губернаторлыққа біріктіру қажеттілігіне байланысты құрылды. Генерал-губернаторлықтың құрылуымен Батыс Сібір генерал-губернаторлығы жойылды, оның құрамына Ақмола және Семей облыстары қосылды. Жаңа генерал-губернатордың құрамына енген үшінші облыс бұрын Түркістан генерал-губернаторлығына бағынған Жетісу облысы болды. Дала өлкесінің генерал-губернаторы, сонымен қатар, Омбы әскери округі әскерлерінің қолбасшысы және Сібір казак әскерлерінің міндет атаманы болды.

Дала генерал-губернаторлығы шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Түркістан генерал-губернаторлығының Ферғана және Сырдария облыстарымен, батысында Бөкей ордасымен және Самар губернаторлығымен<ref>Южного Казахстана и Семиречья (Ү1-Х111 В.), ауылы-А., 1986</ref><ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref> шектесті.

Жетекшілігі

Генерал-губернаторлары

Т. А. Ә. Атағы, шені, лауазымы Лауазымды орындау уақыты
Колпаковский Герасим Алексеевич инфантерия генералы
25.05.1882—24.10.1889
Таубе Максим Антонович барон, атты әскер генералы
24.10.1889—05.07.1900
Сухотин Николай Николаевич генерал-лейтенант
14.04.1901—25.04.1906
Надаров Иван Павлович атты әскер генералы
25.04.1906—08.06.1908
Шмит Евгений Оттович атты әскер генералы
08.06.1908—24.05.1915
Сухомлинов Николай Александрович генерал-лейтенант
24.05.1915—01.03.1917?

Уақытша үкіметтің Дала өлкесі жөніндегі комиссары

Т. А. Ә. Партиясы Лауазымды орындау уақыты
Новоселов Александр Ефремович социалист-революционерлер (эсэрлер)
3.08.1917—20.09.1918

Әдебиет

Дереккөздер

Үлгі:ДереккөздерҮлгі:Stub