Адай округі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
19:32, 2026 ж. маусымның 23 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Әкімшілік бірлік Адай округі — 1928–1929 жылдары болған Қазақ АКСР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.
Тарихы
Округ 1928 жылдың 17 қаңтарында Адай уезін қайта құру кезінде құрылды.
1929 жылдың 10 сәуірінде округ таратылып, құрамына кірген территориялар Ақтөбе, Гурьев округтері мен Қарақалпақ АО-қа өткізілді.
Әкімшілік бөлінісі
Округ орталығы - Ойыл ауылы. Округ 5 ауданға бөлінген:
- Алтықарасу ауданы. Орталығы — Алтықарасу мекені
- Маңғыстау ауданы. Орталығы — Форт-Александровский қаласы
- Ойыл ауданы. Орталығы — Ойыл ауылы
- Табын ауданы. Орталығы — Көкмешіт мекені
- Үстірт-Сам ауданы. Орталығы — Жарқұдық мекені
1928 жылдың 17 қыркүйегінен 1929 жылдың 1 қаңтарына дейін округ құрамына Гурьев округінен енген Жылыой ауданы (Орталығы Жылыой ауылы) кірді.