Көкшолаққопа
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Жазық Көкшолаққопа – Шежін (Шыжың) жайлмасының оңтүстік-шығысындағы көлтабанды жайылма.
Географиялық орны
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдықұдық ауылының шығысында 27 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км-ге, енді жері 4 км-ге созылып жатыр. Көшім өзені аңғарында. Теңіз деңгейінен 5 – 7 м биіктікте. Саз балшықты теңіз шөгінділерінен түзілген. Жер бедері тегіс жазық келген. Маңындағы Балықты көлі көктемде қар және жауын-шашын суларымен көтеріліп, жайылмаға таралады. Жайылмада шалғын, еркек шөп, қамыс, құрақ, т.б. өседі.<ref> АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>