Үңгіртас үңгірі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Үңгір Үңгіртас, Қарқаралы үңгірі – Қарқаралы тауларының солтүстік-шығысындағы гранит жартастағы табиғи қуыс.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орталығы Қарқаралы қаласынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан.
Сипаты
Үңгірдің биіктігі 4-5 м, ені 15-20 м, ұзындығы 8-10 м шамасында. Күмбез астында ірі қойтастар бар. Үңгірден Қарқаралы қаласы мен оның төңірегіңдегі орманды жоталардың кең-байтақ бейнесі көрінеді. Үңгірдің жоғары жағы дыбысты бірнеше рет жаңғыртатын жақпартастардан құралған. Үңгіртас бүкілодактық жаяу сапар шегу маршруттарының тізіміне енгізілген экскурсиялық аймақ.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>