Қызылтас үңгірі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Үңгір Қызылтас үнгірі – Қарағанды облысындағы Қарқаралы тауларының оңтүстік-батысындағы Қызылтас тауында орналасқан.
Сипаты
Гранит жартастарындағы үңгірдің аузы шығысқа қараған. Оның сырт жағын қатпарлы тастардан тұратын жартылай дөңгелек жартас бөгеп тұр. Негізгі бөлігінің ұзындығы 5 — 6 м, ені 4 — 5 м, биіктігі 2 — 3 м. Үңгірдің төрінде тас тұғыр, бүйірінде қуыстар, төбесінде қызыл бояумен жасалған белгілер бар.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>