Түмен әулие кесенесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
18:39, 2025 ж. қыркүйектің 11 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Түмен әулие кесенесіҚызылорда облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ХІХ ғасырдың сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан.

Сипаты

Ескерткішті 2006 жылы Шірік-рабад археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ж. Құрманқұлов) зерттеген.
Кесене қам кесектерден тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері 6,5х6,5 м, биіктігі 1,7 м. Мазар бір камералы, центрлі, күмбезі қираған.
Мазар шаршылы болып келген негізгі аумақ күмбезбен көмкерілген. Шаршы негізден күмбез шеңберіне камера бұрыштарындағы жебе тәрізді қалындылар арқылы өтуге болады.
Камераның іші күмбезінің негізіне дейін сыланған және оған суреттер салынған, бұрыштарында және оның екі жағында жебе тәрізді қуыстар бар. Өлшемдері 65х85 см болып келген олар дүниенің төрт бұрышына қаратылған. Қабір орны байқалмайды.
Кіреберістің сол жағына ақ мата байланған баған орнатылған және "Түмен Әулие Қаржігітұлы Мөңке Табын 1825-1879 жж." деген жазуы бар тақтатас орнатылған.<ref>Қ 18 Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы. – Алматы: Аруна, 2011.– 504 бет. ISBN 9965-26-382-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер