Бормойнақ

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тау Бормойнақ, Бөрімойнақ, Бөріойнақ – Арал теңізінің шығысында, Арал қарақұмының оңтүстігіндегі төрткілді қырат.

Географиялық орны

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Абсолюттік биіктігі 217 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 37 км-ге созылған, енді жері 15 км. Қыраттың үстіртті беті тегіс, шеткі беткейлері жарқабақты, сай-жыралармен тілімденген.

Геологиялық құрылымы, өсімдігі

Жоғары бор кезеңінің құмынан, алевролиттен, кварцит пен саздан түзілген. Топырағы сортаңдау, сұр. Жусанды-сортаңды шөптер өседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер