Шижаға
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
12:16, 2022 ж. тамыздың 1 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету
Шижаға — Қызылорда облысы Арал ауданындағы ауыл, Аққұм ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде. Шаған ақын бейітінен басталып кең көлемді алып жатқан елді мекен.
Тарихы
Ауыл 1957-96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшарының орталығы болған. Бұрын бұл жер «Октябрь» колхозы болып аталған. Жан-жағын жағалай ши деп аталатын өсімдік қаптап өскен соң, бұл жер «Шижаға» деп аталып кеткен.<ref> « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2423 адам (1302 ер адам және 1121 әйел адам) болса, 2009 жылы 2198 адамды (1133 ер адам және 1065 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>