Тастүбек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ТастүбекҚызылорда облысы Арал ауданы, Мергенсай ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 82 км-дей жерде, Көктырнақ түбегінде, Бутаков шығанағының оңтүстігінде орналасқан. Бұрынғы Тастүбек балық колхозының орны. Теңіз жағасында бекіре балығы мекендеген үлкен тастар көп болған. Бұл тастар қазір әлі де бар, сондықтан бұл жерді «Тастүбек» деп атаған. <ref> Жоғарыға көтеріліңіз ↑ « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 53 адам (29 ер адам және 24 әйел адам) болса, 2009 жылы 90 адамды (44 ер адам және 46 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері