Ақай (Қызылорда облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
21:18, 2022 ж. тамыздың 24 кезіндегі InternetArchiveBot (Талқылауы) істеген түзету
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Үлгі:Мағына Ақай — Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы ауыл, Ақай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Жосалы ауылынан батысқа қарай 48 км-дей, Төретам кентінен (темір жол стансасынан) оңтүстік-батысқа қарай 3 км-дей жерде, Сырдария өзенінің жағалауында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 1243 адам (629 ер адам және 614 әйел адам) болса, 2009 жылы 3853 адамды (1972 ер адам және 1881 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>
Тарихы
Іргесі 1959 жылы қаланған. 1959–96 жылдары КСРО Қорғаныс Министрлігінің көкөніс-сүт өндіретін №22 кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Ақайда ЖШС жұмыс істейді.