Лайкөл
Үлгі:Көл Лайкөл – Сырдария өзенінің төменгі ағысында, Қамыстыбас көлінің батыс бөлігіндегі тұщы ағынды көл.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылының шығысында, теңіз деңгейінен 58,1 м биіктікте жатыр. Аумағы 7,2 км2, ұзындығы 4,4 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 11,6 км, ең терең жері 5 м, суының көлемі 29,2 млн. м3.
Сипаты
Көл Қулы, Қаязды, Жыңғылды атты көлдермен бірге Сырдария өзенімен жалғасқан. Қамыстыбас көлімен қыларна арқылы байланысады. Суының деңгейі көбіне осы көлдерге тікелей байланысты. Оңтүстік-батысындағы шағын көлдер маңында батпақты-қорысты алқап қалыптасқан. Көктем айларында осы батпақ арқылы Сырдария өзенімен байланысып жатады. Солтүстік-батысы мен шығыс, оңтүстік-шығыс жағалауы біршама көтеріңкі. Жағалауының басым бөлігінде қамыс, құрақ өскен. Суы балыққа бай.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>