Ұзынқайыр

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:41, 2024 ж. наурыздың 3 кезіндегі ДолбоЯщер (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Арал ҰзынқайырАрал теңізінің қазақстандық бөлігіндегі бұрынғы арал.

Географиялық орны, сипаты

Арал ауданының жерінде екі Ұзынқайыр аралы болған. Оның біріншісі – Қасқақұлан аралының батыс шетінен 15 км-ге созылып жататын, ені 1,5 — 2,0 км құмқайыр. Оның қиыр солтүстік мүйісінде 400-ге тарта тұрғыны бар ауыл болды. Мұнда балық қабылдайтын пункт, балық тұздайтын, ыстайтын, тоңазыту цехы, жүк кемелері тоқтайтын порт, орта мектеп, кітапхана, клуб, монша, байланыс торабы, пошта, сауда орны, наубайхана, фельш.-акушерлік пункт, аэродром жұмыс істеді. Екіншісі – Ұялы аралының шығысында 4,0 км жерде теңіз ішінде орналасқан, ұзындығы 16 км, ені 0,7 — 1,2 км. Солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысқа қарай созылып жатқан жалаңаш қайыр. Мұнда елді мекен болған жоқ. Тек Ұялы, Көзжетпес және Қасқақұлан балық ұжымшарларының балықшылары көктемгі лайсаңда (мамыр айы) осында қос құрып жатып, балық аулаған. Негізгі ауланатын балық — қаяз. Қазіргі кезде Ұзынқайыр аралы теңіз суының тартылуына байланысты жағалаумен тұтасып кеткен.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер