Үлкен Сарышығанақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Көл Үлкен Сарышығанақ – шығанақ, Кіші Аралдың солтүстігіндегі құрлыққа бойлай еніп жатқан су айдыны. Ұзындығы 29 км, ені 10,5 км.
Географиялық орны
Қызылорда облысы Арал ауданы, Арал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 22 км жерде орналасқан.
Сипаты
Ұзындығы 29 км, ені 10,5 км. Батыс жағалауын құмды-төбелі келген Көктырнақ түбегі алып жатыр. Шығыс, оңтүстік-шығысын түгелдей дерлік Арал Қарақұмы құмды алқабы қамтыған. Солтүстігінде Үлкен Сарышығанақ атты бұта аралас сораң шөп басқан қоныс жатыр. Сарышығанақтың жағалауларында бірнеше қыстаулар бар.<ref>« Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>