Шұбарсор

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:54, 2022 ж. қазанның 31 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көл ШұбарсорНұра өзенінiң алабындағы көл.

Географиялық орны

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы жерінде, Жарсуат көлінің шығысында 2 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы

Ауданы 22,3 км2, су жиналатын алабы 98,8 км2. Көлдің қазаншұңқыры Нұра өзенінің жайылмасында жатыр. Батыс жағалауы батпақты, шығысы сортаңды. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көлді Нұра өзенi жарып ағады. Көктемгі қар суымен деңгейі көтеріліп, маңайындағы көлдермен қосылып кетеді. Жағалауында қоға, қамыс өседі.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер