Аралтөбе (Шығыс Қазақстан облысы)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Аралтөбе — Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сасықкөл көліндегі арал. Аумағы 11,2 км², ұзындығы 5 км, ені 3 км-ге жуық. Аралды төрттік кезеңнің шөгінділері жапқан. Батысы мен оңтүстік-батыс бөлігі тік, тастақты келген. Солтүстік-шығыс жағалауында қамыс араласқан ну тоғай өседі.