Өрлік
Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Өрлік — Атырау облысы Индер ауданындағы ауыл, Өрлік ауылдық округі орталығы.
Мазмұны
Географиялық орны
Аудан орталығы – Индербор кентінен оңтүстік-батысқа қарай 33 км-дей жерде, Жайықтың оң аңғарында орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 2598 адам (1318 ер адам және 1280 әйел адам) болса, 2009 жылы 2741 адамды (1393 ер адам және 1348 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>
2021 жылғы санақ бойынша 2505 адамды (1284 ер адам және 1221 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>
Тарихы
Ауыл 1929–1997 жылы қаракөл қойын өсіретін «Передовик» кеңшарының орталығы болған. Кеңшар негізінде Өрлікте және округтегі Жиек ауылында ЖШС және бірнеше шаруа қожалықтары жұмыс істеді. Өрлікте Индер жоғарғы вольтты электр желісінің станциясы, жылыту жүйесі, т.б. кәсіпорындар бар. Өрлік арқылы Атырау – Орал автомагистралі өтеді.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
Ауылда монша, орта мектеп, балабақша, кинотеатр, емхана т.б. бар.<ref>Индер ауданы, «Арыс» баспасы Алматы, 2006 ISBN 9965-17-273-0</ref>
- Қ.Абақанов атындағы орта мектеп — 1923 жылы ұйымдастырылған. 1932 жылы 4 сыныптық мектеп болып қайта ашылды. 1957-58 жылдан бастап орта мектепке айналды. 1994 жылы мектепке ұстаз Қабижан Абаханұлының есімі берілді. Соған дейін Өрлік орта мектебі деп аталды.
- "Болашақ" бөбекжай-бақшасы
- Арал Хазірет мешіті — 2023 жылы желтоқсан айында ашылды.<ref>Атырау: Өрлік ауылында мешіт ашылды</ref>
Елді мекендегі көшелер
- Алтай Шәмшиденов көшесі
- Ғилым Шахманов көшесі (№18 көше)
- Кенесары хан көшесі (№16 көше)
- Кенжеғали Құлниязов көшесі
- Мұханбет Сәрсенғалиев көшесі
- Насыр молда Каримов көшесі
- Нәпи Ғабдиев көшесі (№17 көше)
- Нәсіпқали Қобданов көшесі
- Нәсіпқали Қобданов тұйық көшесі
- Подстанция көшесі
- Сапарғали Өтепов көшесі
- Сапарғали Өтепов тұйық көшесі
- Сұңғат Әзмұханбетов көшесі
- Тастан Шманов көшесі
- Халел имам Нұғманов көшесі
- Халиолла Өмірғалиев көшесі
- Шәріп Сәрсенбаев көшесі
- Ідіріс Үсенов көшесі
- Ізмұқан Тоғайбеков көшесі