Жаркөл қонысы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Жаркөл қонысы – көне дәуірлерден сақталған қоныс орны.
Орналасқан жері
Қостанай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жердегі кішігірім көл жағасында орналасқан.
Сипаты
Мектеп оқытушысы П.С. Загородный көл жағасындағы құмайттан шақпақ тастан жасалған тас құралдар тауып алуы нәтижесінде белгілі болды. Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері тұрақтан табылған тас пышақтар, қырғыштар, жебелер сияқты заттай деректерді зерттей келе ескерткіштің неолит (жаңа тас) дәуірінің соңғы кезеңіне жататынын анықтады. Жаркөл б.з.б. IV-III мыңжылдықтарда солтүстік өлкелерде мекендеген жергілікті аңшы-балықшы тайпалардың ескерткішіне жатады.<ref name="source1">"Қазақ Энциклопедиясы"</ref>