Бөрілі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бөріліқола дәуірінен сақталған қоныстар орны.

Орналасқан жері

Қызылорда облысы Жаңадария өзенінің жағалауында.

Деректер

1958 жылы С.П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық экспедициясы зерттеген.
Жел мен жаңбыр жуып кеткендіктен мәдени қабаты толық сақталмаған. Қыш ыдыстар, ақ кварциттен жасалған бірқатар тас құралдар табылған. Қыш ыдыстар батырып салынған геометриялық өрнектермен әшекейленген. Табылған заттай деректер қоныстардың б.з.б. XV-XII ғасырларға жататынын және тұрғындарының отырықшы болғанын көрсетеді.<ref name="source3">“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер