Балға араны

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
17:38, 2025 ж. мамырдың 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Балға араны (жалпы көрінісі).jpg
Балға араны (жалпы көрінісі).

Балға араны, Балға араны-2, 3, 4, 5Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген ортағасырлық археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Сайөтес ауылынан оңтүстік-шығыс бағытта 44-46,7 км аралықтарында орналасқан. Ескерткіштерді "Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы" мемлекеттік мекемесі 2006 жылы зерттеген.

Сипаты

Балға араны – аңдарды қуып алып келіп, аулайтын аран-қақпан, Үстірттің батыс бөлігіндегі шың кемерлерде мүйіс тәрізді қыратта орналасқан. Ұзындықтары 10-42 м-ге дейін созылған, мүйістің шетіне қарай қатарласа жатқан екі жақ сүйірленіп түйісетін қабырғалары бар, диаметрі 3,5 м болатын 2 шұңқырдан тұратын ор-қақпаны бар. Мүйіске шығар жол жардың жиегі мен бір жақ қабырғасынан пайда болған. Қабырғалары тігінен қойылған табиғи қақпақ тас және көлбей қойып, кейде құрлыс тасы лайсыз жалпағынан қалап тұрғызылған. Шұңқырлардың қабырғалары да тігінен қойылған тақта тастарға байланыстыра жалпағынан қаланған тастардан жиналған. Шұңқырдың қазіргі тереңдігі 1,3 м-ді құрайды.

Балға-2, 3 араны

Балға-2 – ұзындықтары 21-30 м, ал Балға-3 аранынікі 20-60 м-ге дейін созылып, мүйістің шетіне қарай қатарласа жатқан 2 сүйірленетін қабырғасы, Балға-3 аранынікі 4 сүйір қабырғалы, диаметрі 3,6-3,8 м болатын 2 шұңқырдан және диаметрлері 3,5-3,8 м болатын 4 шұңқырдан тұратын ор-қақпанды. Мүйіске шығар жол жардың жиегі мен қабырғадан пайда болған. Балға-3 аранының екі қабырғасы қатарласа келіп, мүйістің жиегіне кірер ауызын, есігін жасап тұр, өзге бөлігі 2 жардың шетімен қосылып кеткен. Мұртшалардың қабырғалары тігінен қойылған табиғи қақпақ тастарды тігінен және көлбеулей қойып, қабырғалардың тігінен қойылған тастары тігінен және көлбеулей қойылған, сондай-ақ тас құрылыс лайсыз қалап тұрғызылған. Шұңқыр қабырғалары да тігінен қойылған тақта тастарға байланыстыра жалпағынан қаланған. Шұңқырлардың қазіргі тереңдігі 1,3 м-ді құрайды.

Балға-4 араны

Ұзындықтары 28-50 м-ге дейін созылған, мүйістің шетіне қарай қатарласа жатқан 2 мұртша-қабырғалары бар, диаметрі 3,5-3,8 м болатын 2 шұңқырдан тұратын ор-қақпаны бар. Мүйіске шығар жол жардың жиегі мен бір мұртшадан пайда болған. Мұртшалардың қабырғалары тігінен қойылған табиғи қақпақ тастарды тігінен және көлбеулей қойып, сондай-ақ тастарды өзін жалаң жалпағынан қойып қалап тұрғызған. Шұңқыр қабырғалары да тігінен қойылған тақта тастары өзара кіріктіріле байланыстырылып, жалпағынан қаланған. Шұңқырдың қазіргі тереңдігі 1,4 м-ді құрайды.

Балға-5 араны

Ұзындығы 42 м-ге дейін созылған, мүйістің шетіне қарай қатарласа жатқан бір мұртша-қабырғасы бар, осы қабырғаның 20-28 м диаметрі 3,7 м болатын бір шұңқырдан тұратын ор-қақпаны бар. Екі мұртша қатарласа келіп, мүйістің жиегіне кірер есік аузын жасап тұр, қалған екеуі жардың шетімен қосылып кеткен. Мұртшалардың қабырғалары тігінен қойылған табиғи қақпақ тастарды тігінен және көлбеулей қойып, сондай-ақ тастарды лайсыз жалпағынан қалап тұрғызылған. Шұңқырлардың қабырғалары да тігінен қойылған тақта тастарға байланыстыра жалпағынан қаланған тастардан жиналған. Шұңқырдың қазіргі тереңдігі 1,3 м-ді құрайды.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер