Бесіншітөбе

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бесіншітөбе – ежелгі қоныс орны, Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Отырар ауданы, Қоғам ауылынан оңтүстікке карай 2 км жерде.

Деректер

1970 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К. Ақышев) зерттеген.
Қазіргі орны диаметрі 80 м-дей сопақша төбе. Бұл төбенің ең биік жері 5 м (оңтүстік бөлігінде). Қонысқа кірер жол оның батыс бөлігінде орналаскан. Ол төбені солтүстік-батыс (биік) және оңтүстік-шығыс аласа бөліктерге бөліп тұр. Қыш ыдыстар (хум, екі ұстағышты құмыра, т. б.) сынықтары жинастырылған. Мұндай тұрмыста пайдаланылған заттар Қостөбенің (оңтүстік) жоғары кабаттарынан алынған бұйымдарға ұқсас. Бірақ Бесіншітөбеде 7-8 ғасырларға тән кыш ыдыстар ұшыраса койған жоқ.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер