Балғасын

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
11:25, 2024 ж. қазанның 23 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

БалғасынАқтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші тізіміне енген, орта ғасырлардан сақталған көне қорым, тарихи ескерткіш.

Орналасқан жері

Шалқар ауданы, Талдықұм ауы­лы­нан оң­тү­стік-ба­тыс­қа қа­рай 15 км жерде.

Қорым сипаты

Ауданы 140х220 м. Балғасында 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Орынбор ғылыми архив комиссиясының мүшелері А. Матов, И. Хохлов, Ж. Кастанье болған. 1979-1980 жылдары Қазақстан Мәдениет министрилигінің экспедициясы (жетекшісі С.И. Әжіғалиев) зерттеген. Қорым Балғасын мұнарасының қалдығынан, Оңалбек ата (шамамен 17 — 18 ғасыр) кесенесінен және шикі кірпіш пен тақта-тастан салынған көптеген бейіттерден тұрады. Көркем стела немесе құлпытас жоқ, сиректеу ғана өңделмеген дөрекі белгілер кездеседі. Олардың кейбірінде шекті руының таңбасы ойып салынған.<ref> Қазақ энциклопедиясы, 2 том; </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер