Меруертті Үңгір
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:30, 2025 ж. сәуірдің 16 кезіндегі 1nter pares (Талқылауы) істеген түзету
Меруертті Үңгір - Қазығұрт ауданындағы үңгір. Өгем жотасының солт.-батыс етегінде. Карсты (оқпа) қабатта пайда болған. Құрылысы күрделі, шахта тәрізді. Тас көмір (карбон) кезеңінің әктасты жыныстарынан түзілген. Үңгірдің ұзындығы 32 м, ені 3 м, биіктігі 2–6 м-ге дейін жетеді. Қабырғалары сазды, үнемі дымқылданып тұрады. Үңгір ішіндегі температура 9 – 11С. Бүйірлік камералар мен шытырмандар көп. Туристік маңызы бар.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Сілтемелер
<references />