Төрткүл (көне қала)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
16:36, 2025 ж. қыркүйектің 19 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Төрткүл қалашығы – ортағасырлық қалашық орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мойынқұм ауданы, Бірлік аулынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Шу өзенінің оң жағасында орналасқан.

Зерттелуі, сипаты

1948 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан) тауып, зерттеген. 1980, 1986 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық университетінің археологиялық отряды анықтау материалдарын жинақтаған.
Қаланың орны, бұрыштары төрт тарапқа қаратылған ауданы 200х180 м, тік бұрышты алаңнан тұрады. Негізгі алаңның солтүстік және шығыс жағында құрылыс орындарының қалдығы, ал оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығыс жағында көне канал орны сақталған. Оңтүстік-батысынан басқа үш жағы топырақ үйінділерімен қоршалған. Қазба барысында табылған хұмдар, құмыралар, шұңғыл табақтар, т.б. заттарға қарағанда қалашық VIII-XIV ғасырларда өмір сүрген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref><ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте