Тастөбе (Мойынқұм ауданы)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
15:52, 2025 ж. қыркүйектің 20 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Үлгі:Мағына Тастөбе қалашығы – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері

Мойынқұм ауданы, Ынталы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 км қашықтықта, Шу өзенінің құрғап қалған арнасының оң жағында орналасқан.

Сипаты

1986 жылы ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археологиялық экспедициясы (жетекшісі М.Елеуов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Төртбұрышты шеті құлап тапталған жарыққа бағытталған төбенің көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 50 м, батыстан шығысқа қарай 54 м, биіктігі 4 м.
Қазба жұмыстары кезінде қыштан жасалған құмыралар, табақтар табылды. Ол ыдыстардың жасалу мерзіміне орай Тастөбе қалашығы X-XII ғасырларда өмір сүрген деген болжам жасалған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Навигациялық кесте